Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ әскери қоймасы жанып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы АҚШ әскерінің қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды ресейлік ТАСС Кореяның Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт
Фото: pixabay.com

Қоймада әдетте Пусан порты арқылы тасымалданатын құрылғы сақталып келген. Өртті сөндіруге 160-тан астам өрт сөндіруші және 51 техника тартылған. Зардап шеккендер туралы хабар жоқ.

Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30 кезінде басталған.

АҚШ әскерилері бұл уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан қоймада ештеңе болмағанын хабарлады.

Осыған дейін Оңтүстік Кореяның экономикалық өсімі үшінші тоқсанда болжанған шамадан да әлсіз болғаны туралы жазған едік.