Оңтүстік өңірдегі мектептер онлайн оқытуға көшті

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы бірқатар мектеп оқушылары 2 ақпан күні онлайн оқиды.

Ертең Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Күн райының күрт суытуына байланысты Төлеби ауданындағы барлық білім ордасы онлайн білім алу форматына ауысты. 

Түлкібас ауданының білім бөліміне бағынысты барлық деңгейдегі мемлекеттік білім беру ұйымдарын да қашықтан оқытуға жіберу туралы шешім қабылданды.

Кентау қаласындағы барлық мектептердің даярлық сыныптары мен бастауыш және 5, 6, 7, 8 сыныптарындағы оқушылар үйде оқитын болды. Сондай-ақ, Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында қалың қар жауып, жолдар жабылуына байланысты №7 Ж.Жабаев атындағы және №8 М.Горький атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қашықтан оқуға жіберілді. 

«Күн райы қолайлы аудан, қалалардағы оқушылар штаттық режимде білім алуда. Өзгерістер орын алған жағдайда білім беру мекемелері мен бөлім тарапынан қосымша хабар беріледі. Ауа райының өзгеруіне байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз!» - делінген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі де күн райының нашарлауына байланысты 2 ақпан күні 0-8 сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлады. Ал, 9-11 сынып оқушылары дәстүрлі түрде мектепке барып білім алады.

Соңғы жаңалықтар