Оңтүстіктен келген ұландықтар батыста су тасқынымен арпалысып жүр

ұлан
Фото: Ұлттық ұлан

ОРАЛ. KAZINFORM — Дәл қазір Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында жағдай өте күрделі. Осыған орай су тасқынының екінші толқынына қарсы шараларға еліміздің төтенше жағдай қызметкерлерімен қатар әскери құрылымдар, соның ішінде Ұлттық ұлан жауынгерлері де жұмылдырылды. 

Батыс Қазақстан және Атырау облысына Қызылорда, Шымкент, Қарағанды қалаларынан 1000-ға жуық Ұлттық ұлан қызметшісі жіберілген болатын. 

Гвардейцы борются с наводнениями на западе Казахстана
Фото: Ұлттық ұлан

Соның бірі — Шымкент қаласындағы Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы Мақсат Набиғазы.

Сарбаз үшін қаптың ауырлығы емес, ел алдындағы жауапкершілік жүгі маңызды.

— Еліміздің батыс аумағында болып жатқан табиғи апатты естіген сәттен бастап жолға шыққан болатынбыз. Қазіргі уақытта осы аймақтағы бөгет тұрғызу жұмысымен қатар үйлерін су басқан тұрғындарды эвакуациялау жұмысын қоса атқарып жүрміз. Қазіргі таңда табиғи апаттың екінші толқынының алдын алу үшін бар күшімізді салып жатырмыз,-дейді Мақсат Махмутұлы.

ұлан
Фото: Ұлттық ұлан

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Батыс Қазақстан мен Атырау облысының тұрғындары су тасқынының екінші толқының күтіп, құм толтырылған қаптардан бөгет салып қамдануда.

Сонымен қатар бүгінді таңда аталмыш аймақтарды 2000 ға жуық ұландықтар да қызмет атқарып жатыр.

бөгет
Фото: Ұлттық ұлан

Жалпы су тасқыны басталғаннан бері құқықтық тәртіп әскерлерінің 120-дан астам авиа және автомобиль техникасы тартылған.

1679 адам эвакуацияланды, инертті материалы бар 960 мыңнан аса қапшық дайындалып, төселді.

Гвардейцы борются с наводнениями на западе Казахстана
Фото: Ұлттық ұлан

Ұландықтар 244 тонна гуманитарлық көмекті түсірді, ал Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 138 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді.

Гвардейцы борются с наводнениями на западе Казахстана
Фото: Ұлттық ұлан
ұлан
Фото: Ұлттық ұлан

 

Соңғы жаңалықтар