Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару: 12 000-ға жуық бос жұмыс орны бар

Солтүстік
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Өңірде «қоныс аудару» жәрмеңкесі басталды.

«Қоныс аудару» жәрмеңкесі халық тығыз орналасқан Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында өтіп жатыр. Іс-шараға Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарынан жалпы 73 өкіл қатысып отыр. Аталған жәрмеңкеге 6 өңір бойынша барлығы 11 657 бос жұмыс орны ұсынылған. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы - 1246, Абай облысы - 1279, Шығыс Қазақстан облысы - 2393, Павлодар облысы - 3464, Ұлытау облысы - 523, Қарағанды облысы бойынша 2 752 бос жұмыс орны бар. 

қоныс аудару
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Айта кетейік, 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 2015-2023 жылдар аралығында өңірден 13 758 адам қоныс аударған.

Соңғы жаңалықтар