ОПЕК басшысы арзан мұнайдың уақыты өткенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-тің бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо арзан мұнайдың заманы аяқталып қалды деген пікірде.

ОПЕК басшысы арзан мұнайдың уақыты өткенін айтты

Оның ойынша, осы уақыт аралығында әлемнің мұнай өндіруші мемлекеттерінің барлығы аталмыш отын түріне деген бағаның әсері тек жағымсыз болатындығына көз жеткізіп болды.

«Сондықтан арзан бағаның уақыты аяқталуға таяу. Біз соңғы 60 жылда мұнайға деген бағаның төмендігі жағдайды тек күрделендіріп жібергендігінің куәсі болып отырмыз. Бұл жағдай әлі де жалғасуда. Дегенмен ол соңына таяп қалды»,-дейді Баркиндо.

Айта кетейік, 28 қыркүйек күні ОПЕК ұйымына мүше мемлекеттер мұнай өндіру көлемін тәулігіне 32,5-33 млн баррель мөлшерінде қалдыру туралы келісімге келді. Соның нәтижесінде Brent маркілі мұнайдың бағасы 46,5 доллардан 48,5 долларға дейін өсті, деп жазады korrespondent.net.