ОПЕК басшысы мұнай өндіруді шектеу мерзімін ұзартуды талқылаудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК ұйымына кіретін мұнай өндіруші мемлекеттер мен картельге енбейтін мемлекеттер арасында бекітілген мұнай өндірісін шектеу келісімін ұзарту туралы айтуға әлі ерте.

ОПЕК басшысы мұнай өндіруді шектеу мерзімін ұзартуды талқылаудан бас тартты

Бұл туралы ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мохаммед Баркиндо мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

«Әзірге бұл туралы айтуға ерте. Мамыр айында кездескенде барлық мәліметтерді қарап, қол жеткізген жетістіктерімізді көре аламыз», - деді ол АҚШ-та Хьюстон қаласында өтіп жатқан CERAWeek энергетикалық конференциясында.

Мұнай өндірісіне шектеу енгізу туралы келісім 2017 жылы 1 қаңтарда  күшіне енді. Келісім жарты жыл бойы өз күшінде болады және қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.