ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді 2026 жылға дейін қысқартуға келісті

АСТАНА. KAZINFORM - Бірлескен Министрлік мониторинг комитетінің 57-ші отырысы және ОПЕК+ елдері министрлерінің 38-ші кездесуі өтті. Бұл туралы Эгергетика министрлігі хабарлады.

нефть
Фото: freepik

Аталған жиынға Қазақстаннан Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты.

— Отырысқа қатысушылар келісім негіздеріне бейілділігін растады және ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін мұнай өндірудің жалпы деңгейін ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде қабылданған шешімдерге сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға келісті, — делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстан қазан айында ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелерін орындады.

Сондай-ақ ОПЕК+ сегіз мүшесі мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін бір айға ұзартты.

 

 

Соңғы жаңалықтар