ОПЕК елдері мұнай өндіруден рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айында Ливия мен Нигерия өндірісті жаңғыртқандықтан, ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін рекордтық деңгейге дейін арттырды. Екі ел мұнай өндірісін шектеу келісімінен босатылуы мүмкін, деп хабарлады insider.pro.

ОПЕК елдері мұнай өндіруден рекорд орнатты

Өткен айда мұнай картеліне енетін елдердің өнімі тәулігіне 170 мың баррельге артып, 33,75 млн баррельді құрады. Нигерия мен Ливия қыркүйек айында мұнай өндірісін орташа алғанда тәулігіне 190 мың баррельге арттырды.

Нигерияда бір күндегі орташа өндіріс 1,5 млн баррельді, Ливияда 340 мың баррельді (қазан айының соңына қарай өндірісті 600 мың баррельге дейін ұлғайту көзделген) құрады.

Иран мұнай өндірісін тәулігіне 10 мың баррельге арттырып 3,63 млн баррельге жеткізді.

Сауд Арабиясы мен Анголада өндіріс деңгейінің аздап төмендегені белгілі болды және өндіріс көлемі 60 мың және 40 мың баррель болды.

28 қыркүйекте ОПЕК елдері Алжирдегі келіссөздерде мұнай өндірісін күніне 32,5 млн баррель деңгейінде шектеуге келісті. Келісім қараша айында күшіне енеді.