ОПЕК елдері мұнай өндіруді 600 мың баррельден астам көлемде қысқартамыз деп келісті

АСТАНА. КазАқпарат - ОПЕК ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін тәулігіне 600 беррельден астам қысқарту жөнінде келісімге келді. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасап Bloomberg хабарлайды.
None
None

Мұндай шешім Венада өткен кездесулердің нәтижесінде қабылданған. Кездесуде ОПЕК ұйымына мүше және өзге де жетекші мұнай өндіруші елдердің өкілдері қатысты.

Басылымның дереккөзіне қарағанда, мұнай өндіру көлемін қысқарту жөніндегі келісімге жаңа қосылған елдердің бірі - Қазақстан.

Осыған дейін Ресейдің Энергетика министрлігі бұған дейін өзінің мойнына алған мұнай өндіру көлемін тәулігіне 300 мың баррельге дейін қысқарту жөніндегі міндеттемесін орындайтындығы айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар