ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді ұлғайтатын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді ұлғайтатын болды

Отырыс барысында маусым айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін қыркүйек айына тәулігіне 0.1 млн.баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қазақстанның қыркүйек айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,710 млн. баррельді құрайды.