ОПЕК III-IV тоқсанда мұнайға сұраныс артып оның бағасы өседі деп болжауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың үшінші және төртінші тоқсанында ОПЕК мұнай бағасына оң ықпал ететін әлемдік сұраныстың өсуін болжауда, деп мәлімдеді ұйым президенті, Катардың энергетика министрлігінің басшысы Мұхаммед бен Салех әл-Сада. Бұл туралы ресейлік РИА Новости агенттігі хабарлады.

ОПЕК III-IV тоқсанда мұнайға сұраныс артып оның бағасы өседі деп болжауда

Министрдің айтуынша, ОПЕК елдері қыркүйек айында Алжирде өтетін 15 халықаралық энергетикалық форуммен қатар бейресми консультация өткізуді жоспарлап отыр.

«Үшінші және төртінші тоқсанда мұнайға деген сұраныс артады», - делінген ОПЕК хабарламасында.  Әл-Сада биылғы ақпан айынан бастап, өндірістің төмендеуінен, әлемнің түрлі аймағына мұнай жеткізудің үзілуінен және қордың азаюынан мұнайға әлемдік сұраныстың артқанын, мұнай бағасының тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтті.