ОПЕК кеңесін күту барысында мұнай бағасы көтерілуде

Мәскеу уақытымен 20 қарашадағы 15:35-те Brent эталондық сорты мұнайына фьючерстер 0,46 долларға қымбаттап, баррелі 78,56 долларға жетті, ал WTI фьючерстері 0,11 долларға қымбаттап, баррелі 74,69 долларды құрады.
ОПЕК елдері алдағы бейсенбіде өтетін кеңесінде картель белгілеген тәулігіне 30 миллион баррель лимитке дейін азайтуға уағдаласады, деп хабарлады Ливиядан ОПЕК басқарушысы және елдің мұнай өнеркәсібі министрлігінің жоспарлау жөніндегі директоры Самир Кемаль. Бұл 4 жылда ең төменге шекке дейін құлдыраған мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндіруді тәулігіне 250-600 мың баррельге дейін қысқартуды білдіреді.
«Нарық ОПЕК-тің нақты іс-қимылын білмегендіктен мұнай бағасы қазіргі деңгейге дейін төмендеді», -деп атап өтті Сиднейдегі CMC Markets аға талдамашысы Рик Спунер.
Бұның алдында Венесуэла президенті Николас Мадуро Venezolana de Television телеарнасының эфирінде мұнайдың әділетті бағасын атады.
«Біз 100 доллар немесе 100 доллар төңірегінде болуы әділетті баға деп санаймыз, әлемдік экономика да соны қабылдады», - деді ол. Венесуэла президентініің айтуынша, мұндай баға әлемдік деңгейде мұнай саласында инвестицияларды әртараптандырудың тұрақтылығына кепіл бола алады.