ОПЕК қоры Өзбекстанмен 500 миллион долларлық келісімге қол қойды

ОПЕК қоры Өзбекстанмен 500 миллион долларлық келісімге қол қойды
Фото: opecfund.org

АСТАНА. KAZINFORM – ОПЕК халықаралық даму қоры Өзбекстанмен 2024-2029 жылдарға арналған серіктестік туралы келісімге қол қойды және елдің тұрақты даму бағдарламасын қолдау үшін 500 миллион доллар жаңа қаржы бөледі. Бұл туралы фонд сайтында жарияланды.

Атап айтқанда, ОПЕК қоры Өзбекстандағы мектепке дейінгі білім беру жобаларын қолдауға 20 миллион доллар көлемінде жаңа несие бөледі. Елде 200 мектепке дейінгі білім беру мекемесі құрылып жатыр, оларда 30 мыңға жуық бала тәрбиеленеді. Жобаны Ислам даму банкі мен жеке донорлар бірлесіп қаржыландырады. Үкіметтің мақсаты – 2030 жылға қарай мектепке дейінгі біліммен жаппай қамтуға қол жеткізу.

ОПЕК қорының делегациясы Самарқанд облысының Қушрабад ауданындағы сумен жабдықтау және канализация бойынша ОПЕК қоры жобасының алаңына барады деп жоспарланған. 37 миллион долларлық жоба жергілікті су инфрақұрылымын салу және жаңарту арқылы шамамен 70 000 адамның денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

Бүгінгі күнге дейін ОПЕК қоры Өзбекстандағы 30-ға жуық мемлекеттік және жеке сектор жобаларын қолдауға 760 миллион долларға жуық несие бөлген.

Соңғы жаңалықтар