Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ОПЕК мұнай экспорты мен өндірісіне мониторинг жүргізбекші

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК мұнайды өндіруге де, оны экспорттауға да, бәріне тексеру жүргізеді, деп мәлімдеді журналистерге Сауд Арабиясының Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед бен Абдель әл-Фалех, деп хабарлады «Нефть России» порталы.

ОПЕК мұнай экспорты мен өндірісіне мониторинг жүргізбекші

«Біз экспортқа да өндіріске де мониторинг жүргіземіз (мұнай). Келісім мұнай өндірісіне негізделген. Алайда экспорт та өте маңызды көрсеткіш»,-деді ол журналистерге ТАСС тілшісінің сауалына жауап бере келе.

Министр сонымен қатар, қаңтардың алғашқы екі аптасы өте қолайлы болғандығын айтты. Мемлекеттер өздеріне алған міндеттемелерді жүзеге асыруда.

«Ресей мұнай өндірісін қысқарту бойынша белгіленген жоспардан алда келеді, өзгелер де солай»,-деп қосты ол.

Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы мен картельге кірмейтін мемлекеттер Венада 2016 жылдың 10 желтоқсаны күні болған кездесуде мұнай өндіру көлемін бірлесіп қысқарту жөніндегі келісімге қол қойды.

ОПЕК елдерінің биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында мұнай өндіру көлемін алғашқы тәуліктерде 1,164 млн баррельге қысқарту жөніндегі бастамаға тағы 11 мемлекет қосылады.

Олар мұнай өндірісін тәулігіне 558 баррельге қысқартады. Осылайша, мұнай өндірісінің жалпы қысқартылған көлемі 1,7-1,8 млн баррельге жетеді.

ОПЕК-ке мүше елдердің кездесуінің қорытындысына байланысты бекітілген ресми комюникеде ұйымға мүше емес елдер тарапынан қысқартылуы тиіс мұнай өндірісінің соңғы шешімі қабылданған. Ол тәулігіне 558 мың баррельді құрады.

Ресей өндірісті 300 мың баррельге қысқарту жөніндегі міндеттемені ұстанады.

Кездесуге қатысушылардың өздерінің мәліметтерінше, Мексика өндірісті тәулігіне 100 мың баррельге, Оман 40 мыңға, Әзербайжан 35 мыңға, Қазақстан 20 мыңға қысқартуы тиіс болатын.

Тағы қосымша 63 мың баррельді қысқарту міндеттемесін Судан, Оңтүстік Судан, Малайзия, Экваториалды Гвинея, Бруней мен Бахрейн өзара бөлісіп жүзеге асыратын болады.