07:56, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
ОПЕК мұнай-газ өндірісінің 35 жобасын кейінге қалдырып отыр
ДОХА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы мұнай-газ өндірісі саласындағы 150 ірі жобаның 35-ін жабу немесе кейінге қалдыра тұру туралы шешім қабылдап отыр.

Картельдің бас хатшысы Абдалла әл-Бадридің айтуынша, бұған энерготасымалдағыштар бағаларының құлдырап кетуі себеп болуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Ол сондай-ақ 4,2 миллиард баррель көлеміндегі мұнай өндірісінің тәуліктің мөлшерін қысқарту туралы бұған дейінгі шешімді ұйымға мүше елдердің 80 пайызы орындағанын қуаттады.