ОПЕК мұнай өндіру квотасын өзгертпеу туралы шешім қабылдады

АСТАНА.  Желтоқсанның   22-сі.  ҚазАқпарат -  Мұнай  экспорттаушы  елдер ұйымының (ОПЕК) мүшелері    шикізат   өндірісіне  белгіленген квотаны өзгертпеу  туралы  шешім қабылдады.

ОПЕК  мұнай  өндіру квотасын    өзгертпеу туралы шешім қабылдады

Бұл туралы Анголаның  елордасында   өткен  кездесуде      Сауд  Арабстанының     мұнай  министрі Әли әл-Наими    мәлім етті,  деп  хабарлайды Associated Press агенттігі.

ОПЕК елдерінің кездесуі      картельге  осыдан екі жыл   бұрын   қосылған  Анголада алғаш рет өтіп  отыр.

ОПЕК Бас  хатшысы  Абдалла  әл-Бадри бұдан бұрын мәлім еткендей,   мұнайдың әлемдік бағасы  қазіргі уақытта  «өте  ыңғайлы»  деңгейде тұр.  75 доллар/баррель шамасындағы бағаның  қазіргі   деңгейін  картельге мүше елдердің   көбісі     оңтайлы  деп    санайды.