ОПЕК мұнай өндіруді қысқартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК ақпанда жаңа тарихта ең жоғары айлық деңгейден төмендеп, мұнай өндіруді тәулігіне 280 мың баррельге қысқартты.

ОПЕК мұнай өндіруді қысқартты

Рейтер агенттігі хабарлағандай, 2016 жылы екінші айда экспортшы клубқа мүше елдер барлығы күн сайын 32,37 млн бөшке мұнай өндірді.

РИА Новости хабарлағандай, негізінен бағаның төмендеуі солтүстіктен, күрдтер тұратын өңірлерден жеткізу тоқтатылған Ирактағы жағдайға байланысты болды. 17 ақпанда Күрдстаннан тартылған мұнай құбыры жабылды, ол наурыздың ортасына дейін іске қосылмайды.

Сондай-ақ агенттік Сауд Арабиясындағы мұнай өндірісінің тұрақты деңгейін атап өтеді. Бұл Эр-Риядтың Венесуэла, Ресей, Катармен «қара алтын» өндіруді қаңтарлық деңгейде ұстап тұру туралы келісімді қолдайтындығын білдіреді. Бұл 12 жылдық минимумға жеткен мұнай бағасына әсер еткен болар еді.

Сондай-ақ Рейтер Иранда Тегеранның халықаралық санкцияларды алып тастаған сәттен бастап 500 мың баррельге дейін экспортты арттыру туралы мәлімдемесіне қарамастан, өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда мұнай өндірісі тәулігіне 200 мың баррельге өскенін тіркеді.