ОПЕК мұнайының бағасы сәл қымбаттады
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Қоржынның» құны қыркүйектің 7-сінде 66,15 доллар/баррельді құрады, бұл қыркүйектің 4-індегі бағадан 0,12 долларға қымбат.
«Қоржын» бағасының рекорды 2008 жылы шілденің 3-інде орнатылып, сол жолы бір баррель бағасы 140,73 доллар деңгейіне жеткен еді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша орташа баға 94,45 доллар/баррельді құрады. Ал 2009 жылдың қаңтар айында ОПЕК мұнайының орташа бағасы 41,52 доллар/баррельді, ақпан айында - 41,35 долларды, наурыз айында - 45,78 долларды, сәуір айында -50,2 долларды, мамыр айында - 56,98 долларды, маусым айында -68,36 долларды, шілде айында - 64,59 долларды, тамызда - 71,35 долларды құрады.
ОПЕК «қоржынының» бағасы картельге мүше елдер өндіретін мұнайдың төмендегі сұрыптарының нақты бағасының орташа есептік көрсеткішімен анықталады: Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Куәйт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Сауд Арабстаны), Murban (Біріккен Араб Әмірлігі) және BCF 17 (Венесуэла).