ОПЕК мұнайының баррелі 42 доллардан жоғары қөтерілді

ВЕНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат – ОПЕК мұнай қоржынының бағасы барреліне 42 доллардан жоғары көтерілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Қаңтардың 30-ындағы жағдай бойынша, мұнай қоржыны барреліне мұның алдындағы 41,21 доллардан 42,04 долларға көтерілді. Сөйтіп ОПЕК «қоржыны» 0,83 долларға өсті.Өткен жылғы шілденің 3-інде ОПЕК мұнайы 140,73 доллар деңгейіндегі рекордтық баға көрсеткішіне жеткен болатын. Ал желтоқсанда ОПЕК мұнайының баррелі орташа есеппен 38,6 доллар, қарашада - 49,75 доллар, қазанда - 69,16 доллар, қыркүйекте - 96,85 доллар, тамызда - 112,42 доллар, шілдеде - 131,22 доллар, маусымда - 128,33 доллар, мамырда - 119,39 доллар, сәуірде - 105,16 доллар, наурызда - 99,03 доллар, ақпанда - 90,64 доллар, қаңтарда - 88,35 доллар болды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша орташа баға барреліне 94,45 долларды құрады.
Соңғы жаңалықтар