ОПЕК мұнайының баррелі 71 долларға жақындады

АСТАНА.  Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні  ОПЕК-тің мұнай  қоржынының  бағасы  тағы да арзандап,    71 долларға   жақындады. Бұл туралы    Мұнай  экспорттаушы елдер картелінің  мәлімдемесінде   жария етіліп  отыр.

ОПЕК   мұнайының баррелі  71 долларға  жақындады

Ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінің    хабарлауынша,  кеше, тамыздың 12-сінде   мұнай «қоржынының»    құны 0,02, долларға  төмендеп, 71,04  доллар/баррельді  құрады.

«Қоржын» бағасының рекорды  2008 жылы шілденің  3-інде  орнатылып,    баға  140,73 доллар/баррельге  жеткен болатын.  2008   жылдың  қорытындысы  бойынша  мұнай   «қоржынының»    орташа бағасы 94,45 доллар/баррелді  құрады.

2008  жылдың   наурыз  айында   Эквадордың есебінен   ОПЕК  «қоржынындағы»   мұнай сұрыптарының  түрі 12-ге жеткен болатын.  Осылайша,     қазір  ОПЕК-тің мұнай «қоржынын» картельге мүше   елдер  өндіретін  - Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Кувейт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Сауд Арабстаны), Murban (Біріккен  Араб  Әмірлігі)  және  BCF 17 (Венесуэла)  сияқты  мұнай сұрыптарының     нақты бағаларының  орташа    арифметикалық  көрсеткіші ретінде   анықталады.