ОПЕК-те мұнай баррелінің бағасы 6 ақпанда 5,01%-пайызға - $53,36 дейін көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК (OPEC Reference Basket of crudes) мұнай «себетінің» бағасы 6 ақпанда, 2,55 долларға немесе 5,01%-ға, барреліне 50,81 пайыздан 53,36 пайызға дейін өсті, деп хабарлады аталмыш ұйымнан.

ОПЕК-те мұнай баррелінің бағасы 6 ақпанда 5,01%-пайызға - $53,36 дейін көтерілді

РИА Новости 2014 жылы мұнай «себетінің» орташа бағасы 2013 жылғы барреліне 105,87 долларға қарсы 96,29 долларды құрағанын жазды. «Себет» құны өткен жылы қыркүйекте 100 доллардан төменге түсті, яғни ол кезде барреліне 95,98 долларды құрады.

Қазанда орташа баға 85,06 долларды, қарашада - 75,57 доллар, желтоқсанда - 59,46 доллар, ағымдағы жылғы қаңтарда 44,38 долларды құрады. Ағымдағы жылғы ақпан айында орташа баға 51,27 доллар болды.

2012 жылы «себеттің» орташа бағасы барреліне 109,45 доллар, 2011 жылы - 107,46 доллар, 2010 жылы 77,45 долларды құрады. 2008 жылғы 3 шілдеде мұнай бағасы барреліне 140,73 долларға жетіп, «Себет» бағасының рекорды орнаған.

ОПЕК «себетінің» бағасы Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Кувейт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Саудовская Аравия), Murban (ОАЭ) и Merey (Венесуэла) елдері өндіретін мұнай сұрыптарының орташа арифметикалық бағасы ретінде анықталады.