00:10, 07 Шілде 2022 | GMT +5
ОПЕК-тің Бас хатшысы қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ОПЕК-тің Бас хатшысы қайтыс болды. Мухаммед Сануси Баркиндо 63 жасында өмірден озді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз құрметті доктор Мухаммеда Сануси Баркиндодан айырылып қалдық»,-деп жазды өзінің Twitter-дегі парақшасында Нигерияның Ұлттық мұнай корпорациясының (NNPC) басшысы Меле Кьяри.
Ол Бас хатшының сейсенбі күні кешкісін қайтыс болғандығын айтты.
«Бұл өлім марқұмның туған-туыстары мен жақындары, Нигерия мен ОПЕК және әлемдік энергетика қауымдастығые үшін қайғылы жағдай болды», -деп қосты ол.