ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо Нигерия елінде қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо қайтыс болды

Баркиндо кеше түнде 63 жасында дүние салды. Нигерия мемлекеттік ұлттық мұнай компаниясының басқарушы директоры Меле Кьяри Twitter-де осылай деп жазған.