18:02, 06 Қаңтар 2009 | GMT +5
ОПЕК-тің кезектен тыс отырысы Куәйтта ақпанда өтуі мүмкін
ВЕНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат – Мұнай тасымалдаушы елдер ұйымының (ОПЕК) кезектен тыс отырысы Куәйтта ақпанда өтуі мүмкін.
Бұл жөнінде ОПЕК жанындағы Иранның тұрақты өкілі Мохаммад Али Хатиби мемлекеттік телеарнада сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықатр» агенттігіне сілтеме жасап.«Нақтылы күні белгіленбеген, мүшелерге (ұйымдарға) шақырту жіберілген жоқ», ? деді ОПЕК жанындағы Иранның тұрақты өкілі.Мұнай тасымалдаушы елдер ұйымы желтоқсанның 17-сінде Алжирде өткен кезектен тыс отырысында мұнайды өндіруге арналған квотаны тәулігіне 2,2 миллион баррельге қысқартуға шешім қабылдады. Ұйымның мәлімдемесінде бұған дейін тәулігіне 29,045 миллион баррельді құраған қыркүйектегі іс жүзіндегі өндіру деңгейімен салыстырғанда, мұнайды өндіру 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 4,2 миллион баррельге төмендейтін болады. Осылайша, Ұйымға мүше елдердің мұнай өндіру жиынтық көлемі тәулігіне 24,8 миллион баррельді құрауы тиіс.Үлесіне әлемдік мұнайды игерудің 40 пайызы тиесілі ОПЕК құрамына 13 ел: Алжир, Ангола, Эквадор, Индонезия, Иран, Ирак, Куәйт, Ливия, Нигерия, Катар, Сауд Арабстаны, Біріккен Араб Әмірліктері және Венесуэла кіреді. ОПЕК-ке кірмейтін Ресей мен Әзербайжан «қара алтынға» деген әлемдік бағаны тұрақтандыру бойынша Ұйымның әрекетін қолдауға және мұнайды тәуліктік игеруді тиісінше 0,32 және 0,3 миллион баррелге дейін қысқартауға даярлықтарын білдірді.