ОПЕК-тің мәлімдемесінен кейін мұнайдың бір баррелі 72 долларға дейін құлдырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағасы мұнай өндіруші және экспорттаушы елдер ұйымының өндіріс көлемін қысқартпау туралы өз шешімін жариялағаннан кейін күрт төмендеп кетті.

ОПЕК-тің мәлімдемесінен кейін мұнайдың  бір баррелі 72 долларға дейін құлдырады

Бұл шешім туралы Венада ОПЕК-тің қорытынды кездесулерінде жарияланды.

ОПЕК-тің бас хатшысы Абдалла Салем Аль-Бадри мәлімдегендей, ұйым өндіріс көлемін бұрынғыша тәулігіне 30 млн баррель деңгейінде сақтау шешімін қабылдап, өндірісті қысқарту арқылы бағаны өзгертуге байланысты амал-айлаларды қолдануға тырыспайтынын мәлімдеді.

Осы мәлімдемеден кеін «Брент» маркалы мұнай бағасының бір баррелі 72 доллардан төмен түсті.

Осы жылдың маусымынан бастап мұнай бағасы 30 пайызға азайды және осы картельге енген елдер бұған қалай әсер ету керегін ойластырған болатын.

ОПЕК-ке мүше елдер «қара алтынның» әлемдік табысының 40 пайызына ие.