ОПЕК-тің мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі мәжілісі мерзімінде өтпейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК ұйымына мүше мемлекеттердің мұнай өндіру көлемін қысқартумен байланысты техникалық келіссөздерінің мерзімі 26 қарашадан 28 қарашаға шегерілді.

ОПЕК-тің мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі мәжілісі мерзімінде өтпейтін болды

Бұл туралы Gazeta.ru Bloomberg порталына сілтеме жасап хабарлады.

Картельдегі дереккөзге қарағанда, кездесуге қатысушылар мұнай нарығын тұрақтандырудың бірлескен қимылдарының қорытынды жоспарын жасаулары керек болатын.

Осыған дейін Әзірбайжанның Энергетика министрі Натик Алиев ОПЕК-тің арнайы комитетінің мұнай өндіру көлемін тұрақтандыру жөніндегі келесі мәжілісінің 25-16 қарашада өтетінін мәлімдеген болатын.