ОПЕК-тің мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келесі кездесуі маусымда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай өндіруді шектеу мәселесі жөніндегі мұнай өндіруші елдердің кезекті кездесуі Венада ОПЕК-те өтеді. Нигерия мұнай министрі Эммануэль Качикву алдымен ОПЕК ішінде уағдаласу керек екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

ОПЕК-тің мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келесі кездесуі маусымда өтеді

«Келесі жолы біз Венада ОПЕК-те маусым айында кездесеміз... Венада біз алдымен ОПЕК ішінде уағдаласамыз, содан кейін ОПЕК-ке кірмейтін елдерді шақырамыз», - деді ол Катар астанасы Дохадағы кездесу қорытындылары бойынша журналистерге, кездесу алты сағат бойы жүргізілді, бірақ та нәтижесіз аяқталды, келісімге қол қойылмады,

РИА Новости дереккөзі Сауда Арабиясы сенбі күні уағдаластықтарға қарамастан, келіссөзер басталуында шарт ретінде ОПЕК-тің барлық мүшелері, соның ішінде Иран да қатысуы тиіс деген талап қойды. Мұнай өндіруді санкцияға дейінгі көлемге - тәулігіне 4 миллион баррельге дейін жеткізбейінше өндіруді шектемеуді мәлімдеген Иран Дохадағы кездесуге қатысқан жоқ.

Катар энергетика министрі Мохаммед ибн Салех Әл Сада Дохадағы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Иранның ұстанымын құрметтейді, мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келіссөздер жалғасады, деп мәлімдеді.