Opel Германиядағы екі зауытының жұмысын қысқартады

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - басшылығы  Works Council және IG Metall кәсіподақ ұйымдарымен өзінің Германиядағы екі зауытында - Рюссельсхайм мен Кайзерслаутернде жұмыс сағатын қысқарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлады Ведомости.ру сайты.

Opel Германиядағы екі зауытының жұмысын қысқартады

Қыркүйектен бастап жыл соңына дейін оларда 20 қысқартылған жұмыс күні енгізіледі. Компанияның мұндай қадамға баруына Еуропадағы автонарықтың шұғыл құлдырауы себеп болып отыр. Егер 2011 жылдың бірінші жартысын есепке алмасақ, Opel соңғы рет 1999 жылы ғана пайдаға шыққан. Opelді сату Еуропада бірінші жартыжылдықта 2011 жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайыз қысқарды. Өткен жылғы еуропалық операцияларда General Motors 747 млн доллар жоғалтқан болса, биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде 300 млн. доллар шығынға батып отыр. Сөйтіп, Opel General Motors-тың зиянды бөліністерінің бірі болып отыр.

Жұмыс сағаттарын қысқарту жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектеседі, дейді кәсіподақ басшылары.
Қазір Рюссельсхаймдағы зауытта 14 мыңға жуық адам, Кайзерслаутернде - 2500 адам жүмыс жасайды. Германияда автоөндірушінің төрт зауыты бар. Оның бірі Бохумдағы зауытты компания 2016 жылға дейін жапқалы отыр.

Кәсіподақпен мәмілеге келу компанияның жұмыстан босатылмаған қызметкерлері үшін мемлекеттен субсидия алуына мүмкіндік береді. Германияда жалақының жоғалтқан 60 пайызын мемлекет өтейтін тәртіп бар, ал отбасында балалар болса, оның көлемі 67 пайызға дейін жетеді.

Жұмыс сағатын қысқарту тоқсан сайын General Motors-тың 200-300 млн. доллар үнемдеуіне мүмкіндік береді, дейді талдамашы Брайан Джонсон.