«Оpen Air» шоуын тамашалайтын астаналық көрермендер үшін тікелей автобус маршруттары ұйымдастырылады

Ал маусымның 5-і күні екі елдің әртістері «Муз-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсіміне қатысады. Концертке 50 жуық қазақстандық және ресейдік әнші келеді деп күтілуде. Олардың ішінде - Глюк'оZа, Джиган, Юля Савичева, «MBAND», Бьянка, «Дискотека Авария», Ирина Дубцова, Митя Фомин, «Градусы», «Банд'Эрос», Пицца, «Фабрика», Виктория Дайнеко, Анна Семенович, Сати Казанова, Томас Nevergreen, Стас Костюшкин, Александр Ревва, SWANKY TUNES, Доминик Джокер және тағы басқалары бар. XIII жыл сайынғы ұлттық телевизиялық сыйлықты табыстау рәсімін Максим Галкин, Лера Кудрявцева, Ксения Собчак, Қазақстан тарапынан Нұрлан Қоянбаев жүргізеді. Осыған орай, көлік қою орындарының шектеулі болатындықтан, қатысушыларға қолайлы болуы үшін арнайы тікелей автобус маршруттары «Қазақстан» спорт сарайынан сағат 17.30-да, Цирк алаңынан 18.00-де, «Нұр Астана» мешітінен сағат 18.00-де, Қ.Мұнайтпасов атындағы стадион маңындағы тұрақтан сағат 17.30-да ұйымдастырылады.