Opportunity барлау құралы Марстан метеорит тапты
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Американдық Марста жүретін құрылғы Марстан тағы бір ірі метеоритті тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Метеориттің ықтимал мөлшері 47 сантиметр шамасын құрайды. Олжа Opportunity-дің Марстағы миссиясының 2022-нші күні жасалды. Жаңа метеорит Нью-Йорк қаласының құрметіне орай Shelter Island деген атауға ие болды.