Оппозиционерлер Украина билігімен «диктатура туралы заңдарды» қабылдамау жайлы келісімге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Билікпен келіссөздер жүргізуде Украина оппозициясының басшылары 16 қаңтар күні «диктатура заңдары» деп танылған Жоғарғы Рада қабылдаған даулы құжаттарды болдырмау туралы келісімге келді.

Оппозиционерлер Украина билігімен «диктатура туралы заңдарды» қабылдамау жайлы келісімге келді

Бұл туралы Украинаның әділет министрі Елена Лукаш мәлімдеді. Министрдің мәлімдемесі ел президентінің ресми порталында жарияланған, деп хабарлады РБК.

Е.Лукаштың атап өтуінше, оппозиционерлерге «радикалды әрекеттерді қолдауға жол бермеу» тапсырылған. «Диктатура туралы заңдар» «еуропалық деңгейге» сәйкес келу үшін қайта қаралатын болды.

Е.Лукаш ел президенті Виктор Януковичтің оппозиция көшбасшылары Арсений Яценюк («Батькившина» партиясы), Виталий Кличко (УДАР) және Олег Тягнибокпен («Свобода») келіссөздері жалғасады.