10:48, 08 Шілде 2013 | GMT +5
Оппозиция Б.Асадқа Рамазан айында бітімге келу жөнінде ұсыныс білдірді
АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Сириялық оппозиция Башар Асадтың әскерлеріне мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында соғысты тоқтата тұруға ұсыныс білдірді, деп хабарлайды РБК. Бұл туралы жақында Сирия революциялық және оппозициялық күштері ұлттық коалициясының (СРОКҰК) жаңа басшысы Ахмад Джарба мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.
Қазір қарулы қақтығыстар Хомс қаласында жалғасып жатыр. 5 шілдеде кешқұрым үкімет әскері Хомсқа жорығын бастаған болатын, олар енді қаланы бүлікші топтардан арылтпақшы.
Соңғы уақытта Сирияның үкімет әскері белсенді әрекетке кірісіп, соңғы жылдары көтерілісшілер күштеп басып алған аумақтарды өздеріне қайтарып алды.