Оппозиция делегациясының кеңесшісі: Астанада саяси мәселелер талқыланған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасында өтіп жатқан Сирия бойынша келіссөздер тарабы әзірше ешқандай саяси мәселе талқылаған жоқ. 

Оппозиция делегациясының кеңесшісі: Астанада саяси мәселелер талқыланған жоқ

Бұл жайында сириялық оппозиция делегациясының кеңесшісі Усама Абу Зейд мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің Жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

«Тараптар келіссөздер барысында ешқандай саяси мәселені талқылаған емес. Әзірше бітімді бұзу мәселесі талқылануда», - деді ол журналистерге.

Айта кетейік, келіссөзге қатысушы тараптар сағат 14.00-де Астана процесінің нәтижелерін жария ету үшін қорытынды баспасөз мәслихатына шығады деп күтілуде. Келіссөздерге қатысушыларды қабылдаушы тарап барлық делегация өкілдеріне баспасөз мәслихаты өткілетін арнайы зал дайындап қойған. ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі БАҚ алдына кімнің шығатындығын дөп басып айтпады. Дегенмен, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы елшісі Стаффан де Мистураның журналистерге брифинг өткізу мүмкіншілігі жоғары болып тұр.