Опра Уинфри ауруханаға түсіп қалды

Опра Уинфри была госпитализирована
Фото: oprah/instagram

АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық тележүргізуші, 70 жастағы Опра Уинфри асқазаны ауырып ауруханаға түсті. Бұл туралы оның жақын досы журналист Гейл Кинг баяндады, деп хабарлайды Los Angeles Times.  

Кинг сейсенбіде CBS Mornings шоуында Уинфридің жаңалықтар бағдарламасында неге жоқтығын түсіндірді. 

Ол Опраға асқазан тұмауына байланысты медициналық көмек қажет болғанын айтты.

«Кеше ол сауығып кететінін айтты. Асқазан тұмауымен ауырып жатыр екен. Бірақ кейін сусыздану салдарынан ауруханаға түсті. Оған дәрі тамызылып жатыр, яғни жағдайы ауыр. Ол сауығып, осының бәрін айтып отырғаным үшін маған ашуланбайды деп үміттенем. Ол үшін бүгін осында сіздермен бірге болу өте маңызды екенін, сол үшін қатты алаңдағанын жеткізгім келеді», — деді досы. 

Уинфридің өкілі The Times басылымына тележүргізушінің сауығып келе жатқанын растады. 

«Уинфри ем алып, дәрігердің кеңесімен оған дәрі тамызылып жатыр. Демалып, күн өткен сайын тәуір болып келе жатыр», — деді өкіл электронды поштада.

Өкіл Уинфридің ауруханада қанша уақыт жатқанын және ауруына не себеп болғанын айтпады. Жазылған соң үйіне оралды.

БАҚ хабарлауынша, бұл жағдайдың «арықтауға арналған дәрілерге қатысы жоқ». 

Желтоқсан айында Опра Уинфри People журналына арықтау үшін препарат қолданғанын баяндады, алайда оның атауын айтқан жоқ. 

Тележүргізуші оны өмір салтын өзгерту және салмағын сақтау үшін пайдаланды.

Соңғы жаңалықтар
telegram