Опырылған асфальт: Мердігер компания 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Асқаров көшесінде жол төсеген мердігер компания 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Опырылған асфальт: Мердігер компания 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Құрылыс компаниясы құбыр ауыстырылған соң  жол жабындысын топырақпен нығыздамай төсей салған.

«Наурызбай аудандық əкімшілігінің өтінішімен қалалық Сəулет жəне құрылыс бақылау басқармасы «Титан-Север» ЖШС жұмыстарына қатысты тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысына сəйкес компания ҚР ƏқК 312-бабының 1-бөлімімен əкімшілік хаттама толтырылды. Енді компания 400 АЕК 907 600 теңге айыппұл төлеуі тиіс», - деді басқармадан.

Сонымен қатар инженерлік желілер жүргізілген кезде технологиялық процестерді бақылауға міндеттелген сарапшыға да жаза қолданылады.

«Бақылау жүргізген «Архсервис-Саулет» ЖШС ҚР ƏҚК 317-бабына сəйкес 453 800 теңге айыппұл төлейді.

Құзырлы органның хабарлауынша, Алматыда инженерлік желілерді жүргізу барысында осындай жағдайлар жиі кездесіп жатыр. Олқылық жіберген ұйымдардың барлығы тиісті жазасын алып жатыр.

Айта кету керек келісім бойынша бұл нысан əлі қабылданған жоқ. Мердігер компания бұл нысан жұмыс істеп кеткенше 2 жылға кепілдік береді.

Ал төтенше жағдайдан ақау алған көліктердің иелері құрылыс компанияларын сотқа беріп, материалдық шығындарын өтей алады.