Oracle 20 мыңнан астам жұмыс орнын қысқартты

АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық Oracle технологиялық корпорациясы жасанды интеллект енгізілу барысында бір жыл ішінде шамамен 21 мың жұмыс орнын қысқартты, бұл оның жұмыс күшінің шамамен 13%-ын құрайды, деп хабарлайды CNBC

Oracle 20 мыңнан астам жұмыс орнын қысқартты
Фото: Anadolu

Осы аптада жарияланған жылдық есепке сәйкес, компанияның 2026 жылдың мамыр айындағы жалпы қызметкерлерінің саны 141 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 162 мың қызметкерден аз.

— Біздің операцияларымызда жасанды интеллект технологияларын енгізу және пайдалану қызметкерлер санын қысқартуға әкелді және бұл әлі де жалғасуы мүмкін, — деп мәлімдеді Oracle-да.

Ауқымды қысқарту Oracle компаниясының қаржылық көрсеткіштеріне де әсер етті.

Компания қайта құрылымдауға 1,8 млрд доллар жұмсады, оның ішінде жәрдемақы және басқа да шығын бар.

— Бұлттық және жасанды интеллект саласындағы бизнесіміз өскен сайын бүкіл әлемдегі тұтынушыларымызға бұлттық және ЖИ негізіндегі ең жақсы өнімдерді жеткізу үшін қажетті мамандардың болуын қамтамасыз ету мақсатында ресурстарымызды үнемі теңгерімдеп, инженерлік тобымызды қайта құрылымдаймыз, — делінген Oracle мәлімдемесінде.

Наурыз айында компания жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін ауқымды сомада қарыз алуына байланысты инвесторлардың қысымына ұшырап, қызметкерлеріне мыңдаған жұмыс орнын қысқартатынын хабарлады.

Қаңтар айында Oracle қарыз және жеке қаражаты есебінен 50 млрд доллар тарту жоспарын жариялады. Осы арада оның капиталдық шығыны соңғы қаржы жылында 162%-ға өсіп, 55,7 млрд долларға жетті.

Осыған дейін Қытайдың жоғары оқу орындарында ЖИ сұраныс өте жоғары мамандықтардың біріне айналғанын жаздық