Орақ науқаны: Қанша тонна дизель отыны бөлінді
«Орақ жұмыстарын жүргізу және жем дайындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына 440 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ресурс ұстаушылардың босату бағасы «Павлодар мұнай-химия зауытында» ЖШС мен «ПКОП» ЖШС-да дизельдің тоннасын 189 мың теңгеден немесе литрін 159 теңгеден, ал» Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-да тоннасын 187 мың теңгедене немесе литрін қосымша құн салығын қосқанда 159 теңгеден алуға болады. Жеткізу мен сақтау шығындарынескере отырып, дизель отынының бағасы өңірге байланысты шамамен литріне 175-180 теңге болады. Бұл жанармай құю стансаларындағы бағадан арзан», - деді Бауыржан Сәлімгереев.
Энергетика министрлігі өкілінің сөзіне қарағанда, 20 қыркүйектегі жағдай бойынша орақ жұмыстарына деп 282 мың тонна дизель отыны жөнелтілген.
«Күзгі егіс жұмыстары бойынша шілде және тамыз айларының көлемі толығымен жөнелтілді, қыркүйекке мәлімделген көлем бойынша келісімшарт жасалып, ақысы төленді. Енді жөнелту ғана қалды Қазан айында 28,5 мың тонна дизель жеткізіледі. Министрлік жөнелтімдерге тұрақты мониторинг жүргізіп отыр», - деді департамент директоры.