Орал-Атырау күре жолында автокөлік өртеніп кетті

ОРАЛ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - 8 тамыз күні Орал-Атырау күре жолының 203-шақырымында «Мерседес» автокөлігі отқа оранды.

Орал-Атырау күре жолында автокөлік өртеніп кетті

Автокөлік иесі -  Орал қаласының тұрғыны көршілес Атырау қаласына бара жатқан. Үш жолаушы зардап шеккен жоқ. Автокөлік 1998 жылғы, бір ай бұрын ғана шетелден айдап әкелінген.