Орал-Атырау тасжолында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орал-Атырау тасжолында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Оқиға кеше сағат 12:45 шамасында «Орал-Атырау» тасжолының үшінші шақырымында болған.

Облыстық полиция департаментінің нақтылауынша, 1981 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Лада Гранта» және 2002 жылы туған жүргізуші тізгіндеген «Тайота Камри» маркалы автокөліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Лада Гранта» маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында мер болды.

Сондай-ақ 4 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігімен тергеу амалдары басталды.




Фото: instagram.com/policebqo