Орал әуежайының жанынан трансшекаралық сауда орталығы құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығында қандай өнімдер өндірілетінін мәлім етті.

Уральск Аэропорт Орал әуежайы
Фото: Kazinform

— «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Орынбор, Саратов, Самар қалаларына және Ресейдің ең ірі федералды округтеріне, Шығыс Еуропа елдеріне шығатын бағыттармен байланыс орнатылған жүк ағындарының түйінді нүктесі болып есептелетін Орал қаласының әуежайына жақын аумақта орналасады. Орталық жұмысын ұйымдастыру үшін бояулар, полимерлі жабындар, пластикалық қаптамалар/контейнерлер және 3D декор-панельдер өндірісіне арналған инвестициялық жобалардың индустриалды аймағы құрылған (Казкомсервис, Mis PRO, Smart3D Technology Kazakhstan), — деді министр.

Арман Шаққалиев «Еуразия» орталығының іске қосылуы Батыс Қазақстан облысына экономикасына бірнеше бағытта тың серпін беретінін айтты.

Олар:

— жүк және тауарларды жеткізудің халық шаруашылығындағы үлесін 5-10% -ға төмендету;

— логистикалық шығындардың төмендеуі есебінен инфляция деңгейін төмендету;

— өндірістерді орналастыру жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру.

— «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығының іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған, — деді Арман Шаққалиев.

Соңғы жаңалықтар