Орал қаласы тұрғынының қойын иттер тағы да қырып кетті

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласының тұрғыны Есенгелді Айтмұхамбетовтің қорасында тұрған қойлар тағы да шабуылға ұшырады.

қойлар қырылды
Фото: Зачаган кенті әкімдігінен
иттер қойларды қырып кетті
Фото: Зачаган кенті әкімдігінен

Е.Айтмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, оқиға 5 қарашаға қараған түні болған.

Бұдан бұрын 18 қазан күні болған оқиға кезінде оның 150 бас қойының 86-сын қырып кеткен еді.

Зачаган кентінің әкімі Аққали Әубекеровтің айтуынша, 46 қойдың 10-ы өлген. Жетеуі жаралы, сойылып жатыр. 29-ы ғана сау.

мал ұрлығы
Фото: Зачаган кенті әкімдігінен

«Ветстанция, полиция өкілдері де оқиға орнында болды. Қойға шапқан иттер екендігі анықталды. Қораның астын қазып кірген. Тақтайды жұлмалап алып тастаған, есікті байлаған темір арқанды да тістелеп үзген. Екі ит (біреуі ұрғашы, біреуі еркек) қораның ішінен шыға алмай, қалып қойған. Олар ұсталып, ветстанцияға берілді. Зертханада 10 күн бақыланып, құтырған болса, өледі. Содан кейін тиісті шешім қабылданады. Чиппен тексерген кезде иесі жоқ, яғни қаңғыбас иттер болып шықты», деді А.Әубекеров.

мал ұрлығы
Фото: Зачаган кенті әкімдігінен

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласы шетінде сексеннен астам қойды белгісіз жыртқыштың қырып кеткенін жазған болатынбыз.

иттер қойларды қырып кетті
Фото: Зачаган кенті әкімдігінен

 

Соңғы жаңалықтар