Орал қаласына келетін ұшақтар кешігіп жатыр

Бүгін Орал қаласына келетін ұшақтар кешігіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

ұшақ
Фото: Kazinform

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Атыраудан келетін рейс жергілікті сағат 12.00-де келуі керек еді.

«Қазіргі кезде ұшақ техникалық себептерге байланысты кешігіп жатқанын хабарлады. Шамамен сағат 17.00-де Оралға келуі жоспарланып отыр. Сол секілді алматылық рейс сағат 11.00-дің орнына 13.00-де келетін болды», — дейді А.Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласынан Астанаға қатынайтын ұшақтың ұшпай қалғанын жазған болатынбыз.

Бұл рейс бүгін қатынайтын болды.

«Техникалық себептерге байланысты әуе кемесі ауыстырылды. Кешегі Air Astana-ның ұшағы әзірше жөнделмейді деді. Бүгін Астанадан Fly Arystan-ның ұшағы ұшып келді. Бірақ ішінде Air Astana қызметкерлері қызмет көрсетуде. Енді осы ұшақпен ұшқалы жатырмыз», — деді Салтанат есімді жолаушы.

Соңғы жаңалықтар