03:40, 31 Тамыз 2024 | GMT +5
Орал қаласында автобус өртенді
ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында жолаушылар автобусы жанды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 тамыз күні сағат 19.26-да «Омега» зауыты маңындағы көпірде болды.
«Х.Есенжанов көшесі 4-үй тұсында 3-бағытпен жүретін „Мерседес-Бенс“ автобусының мотор бөлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ. „Тілсіз жау“ сағат 19.42-де оқшауланып, екі минуттан кейін ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кішкентай қыздың екінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.