Орал қаласында иесіз үйде арқалық жас жігітті басып қалды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы Деркөл кентінде қараусыз қалған тұрғын үйде арқалық құлаған. 

Орал қаласында иесіз үйде арқалық жас жігітті басып қалды
Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 22 сәуір күні болды.

Арқалық 1998 жылғы жігітті басып қалған.

— Жедел жеткен құтқарушылар аяғы сынған жігітті арқалықтың астынан алып шықты. Содан кейін оны тасымалдау үшін аяғын медициналық шинамен бекітіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, аяғының сүйегі сынған жігіт қазіргі кезде облыстық көпбейінді ауруханада ем алып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында мектеп автобусы өртеніп, жүргізушінің жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар