Орал қаласында қатты желге байланысты ұшақтар кешігіп жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында қатты желге байланысты ұшақтар кешігіп жатыр.

Ұшақтар кешігіп жатыр
Фото: Kazinform

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екпіні секундына 20 метрге жеткен күшті желдің салдарынан 6 ақпан күні Алматы-Орал бағытында келе жатқан Fly Arystan әуе компаниясы 7 165 ұшағының командирі Атырау қаласындағы қосалқы әуе айлағына ұшу туралы шешім қабылдаған. Ұшақ Оралға бүгін келмекші.

Сондай-ақ осындай себеппен Air Astana әуе компаниясының 319/937 Майндағы Франфурт-Астана-Орал рейсі және Qazaq air әуе компаниясының 421 Атырау-Орал рейсі кешігіп жатыр. 

«Ұшу-қону жолағы қар мен мұздан толық тазартылған. Әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына дайын. Рейстер тек қатты желге байланысты кешігіп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар