Орал қаласында саяжай тұрғындарына тағы да 6 пәтер берілді

ОРАЛ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 6 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынды.

пәтер
Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беріп жатыр.  

пәтер
Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Оралдық Қайрат Шакировтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне кірді.

«Су тасқынынан кейін эвакуациялық пунктте тұрдық. Тезірек баспаналы болғымыз келді. Бүгін арманымызға қол жеткізіп отырмыз. Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз», - деді ол.

пәтер
Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

пәтер
Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі