Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды

Орал
Фото: ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығынан

ОРАЛ. KAZINFORM  - Орал қаласында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, қала басшысы Миржан Сатқановтың жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.

Шешімге сәйкес Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысына зардап шеккен нысандарды тексеру жүктелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы Қоржын ауылында үйлер су астында қалғанын жазған болатынбыз.

Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар