Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі 838 см болды

тасқын
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM — «Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналып жатыр.  

Бүгінгі күнге су қоймаларына 232 млн текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 89,1%-ы.

Кіші Өзен бойындағы төрт су қоймасы 92% толды, бұл — 102,5 млн текше метр су. 

Үлкен Өзен бойындағы үш су қоймасында 69,2 млн текше метр су жиналды, бұл — жалпы көлемнің 66%-ы. 

Үлкен және Кіші Өзен өзендеріндегі су тасқыны аяқталды, тасқын кезінде барлығы 428 миллион текше метр су келді.

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі — 838 см, ол бір тәулікте 8 см төмендеді.

БҚО Бәйтерек ауданы Чувашинское кентіндегі Шаған өзенінің деңгейі — 719 см, Белес кентіндегі Дерқұл өзенінің деңгейі — 215 см.

«Қазсушар» мамандары Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының су қызметтерімен тұрақты ақпарат алмасып отыр. 

Соңғы жаңалықтар