15:32, 10 Қаңтар 2024 | GMT +5
Орал қаласының бірнеше шағынауданы сусыз қалды
Орал қаласының бірнеше шағынауданы сусыз қалды, деп хабарлайды Kazinform.
«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы және Қамбар батыр көшелері бойындағы су құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Жөндеу жұмыстары кезінде Көктем, Арман, Жақсы ауыл, Қазақ ауылы, Сарытау, Құс фабрикасы шағынаудандарында, сондай-ақ №10, 47, 38, 51 орта мектептеріне және Жәңгір хан көшесі бойындағы 51, 53, 55, 59, 61, 65, 67, 69-мекенжайлары бойынша көпқабатты үйлерге су беру тоқтатылады. Шамамен судан айыру мерзімі – 10 қаңтар күні сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін» деп хабарлады ведомстводан.