Орал қаласының көшелері суға тола бастады

Оралды су басты
Фото: Ғайсағали Сейтақ

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында су тасқынына байланысты жедел желі іске қосылды.

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, су тасқыны жағдайында тұрғындар 8-711-2-24-01-94, 8-711-2-24-05-70, 8 771 131 91 61 (WhatsApp) телефонына хабарласа алады. 

су тасқыны
Фото: Ғайсағали Сейтақ

«Хабарласқан кезде азаматтың толық аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі және бейнежазбасы болуы қажет. Қазіргі таңда қардың қарқынды еруіне байланысты су сору жұмыстарына 60 арнайы техника, 30 мотопомпа тартылған. Коммуналдық мекеменің 200 жұмысшысы жұмылдырылған. Осы кезге дейін қала бойынша 22 466 текше метр су сорылып, 600 мыңнан астам текше метр қар шығарылды», - деп хабарлады ведомстводан.

су тасқыны
Фото: Ғайсағали Сейтақ

Қала көшелерінің суға тола бастағаны жөнінде әлеуметтік желіде тұрғындар да хабарлап, көмек сұрап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда қар қатты еріп, өзендерде су тасуы ықтимал екендігін жазған болатынбыз.

су тасқыны
Фото: Ғайсағали Сейтақ
undefined
undefined

 

Соңғы жаңалықтар